2025 жылғы 16 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға, соның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласында бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 13 636 978,8 мың теңгеге қаражат көлемімен 8 объект қамтылды.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 415 784,5 мың теңге, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 55 106,7 мың теңге;
2) тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы – 332 756,0 мың теңге;
3) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 27 920,6 мың теңге;
4) ықтимал шығындар – 1,1 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардан өтелуге жататыны – 55 106,7 мың теңге.
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы 28 бірлік бұзушылық анықталды (бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде – 5 бірл., құрылыс және қала құрылысы саласында – 4 бірл., мемлекеттік сатып алу саласында – 7 бірл., өзге де салалық заңнама саласында – 12 бірл.).
Жүйелі кемшіліктер – 2 бірлік.
Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектісімен 6576,1 мың теңге өтелді.
Өтелуге жататын соманың қалдығы 48 530,6 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалары жіберілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-rkpvlgovkz/press/news/details/982207?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау