Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Талдықорған қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде «Талдықорған қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» және басқа да мәселелер қаралды.
Отырыста қалалық қаржы бөлімінің басшысы баяндама жасап, бюджет қаражатының игерілуі, кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуы туралы ақпарат берді. Депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/982226?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау