«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жетісу облысының нашақорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңесі Көксу ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараның тақырыбы – «Таза қала – таза сана, менің қалам есірткісіз!» болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтына ынталандыру болды. Кездесуде құқықтық сауаттылық пен алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, сонымен қатар Кеңес төрағасының орынбасары студенттерге есірткі қолдану мен тарату үшін заң алдында жауапкершілік туралы, сондай-ақ оның денсаулыққа зиянды салдары жөнінде айтты.
Кеңес мүшесі, «Қос қанат Жетісу» ҮЕҰ психологы «Өмір құндылықтарын сақта» атты интерактивті сессия өткізді. Сабақ барысында студенттер есірткіге тәуелділік денсаулықтан, армандардан және жақын адамдардан қалай айырып тастайтынын көзбен көріп, түйсінді.
Кездесуге ерекше шабыт сыйлаған қол күресі және каратэ чемпиондары болды. Олар жастарға өздерінің жетістікке жету тарихын баяндап, табандылық, спорт және салауатты өмір салты адамды мақсатқа жетелейтінін дәлелдеді.
250 студент қатысқан кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай шаралар есірткіге «жоқ» деп айтып, даму мен денсаулық жолын таңдай алатын жауапты әрі саналы ұрпақты тәрбиелеуге қосылған маңызды үлес болып саналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/982089?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау