ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті №4 Үлгілік базалық бағыт жобаларын іске асыру және комплаенс-қызметіне жауапты мамандарға арналған «Жобалық басқарудың №4 Үлгілік базалық бағытын тиімді іске асыру тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі заңмен белгіленген қаржылық бақылау тетіктерін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды орындау, мүдделер қақтығысының алдын алу, кадрлық іріктеу мен мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету сынды маңызды мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Сондай ақ, комплаенс-қызметінің тиімділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі Қ.Байгебаев өз сөзінде 2024 жылы атқарылған жұмыстардың жеткіліксіз деңгейде екенін жеткізіп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды сапалық тұрғыдан жетілдіру керектігін айтты. Одан бөлек, ішкі талдау жүргізу барысында лауазымды тұлғалар тарапынан қабылданатын шешімдерде орын алатын мүдделер қақтығысына басты назарда аудару қажеттігін атап өтті. Ол қоғамда сенім мен тәртіп орнату үшін әрбір мемлекеттік қызметші әділдік пен заңдылық қағидаларын қатаң ұстану керектігін ескертті.
Сонымен қатар, спикерлер комплаенс-қызметінің негізгі міндеттерін нақтылап, ішкі талдау жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді, әрі мақсатқа сай игеру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізілді.
Семинар барысында Жамбыл облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының өкілдері жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы №4 бағыттың орындалу барысын таныстырып, қатысушыларға тиімді жұмыс тетіктерін көрсетті. Өзге сарапшылар да өз бағыттары бойынша тың мәліметтермен бөлісіп, қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлес қосты.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және комплаенс қызметін тиімді жүзеге асыру бойынша өз білімдерін тереңдетіп, тәжірибе алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/982441?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау