2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Департаментке 661 өтініш келіп түсті, 2024 жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда өтініштердің жалпы санының өсуі 26,4%  құрады (2024 жылы 523 өтініш түсті).  Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалпы сомасы 9 525 720 теңгеге 43 хаттама жасалды (2024 жылдың І тоқсанында жалпы сомасы 3 424 330 теңгеге 35 хаттама жасалды). Сондай-ақ, 2025 жылдың І тоқсанында 6 597 мемлекеттік қызмет көрсетілді, қызмет көрсетудің 60,8% – ға ұлғаюы байқалады (2024 жылдың І тоқсанында 4 103 қызмет көрсетілді).

Шағымдардың жалпы санының үздіксіз өсуі медициналық ұйымдар деңгейінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысы тиімсіз екенін, ал халықтың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі жыл сайын төмендеп келе жатқанын көрсетеді.  Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Департамент Астана қаласы әкімдігінің базасында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, елорданың медициналық ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес шеңберінде Департамент 2025 жылғы 1 тоқсандағы өтініштердің жалпы санының өсуі, сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметі мен медициналық ұйымдардың ішкі аудиті жұмысының тиімділігі; медициналық ұйымдар деңгейінде тәуелсіз сараптама комиссиясын өткізу тәртібі мәселелерін;  медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы әкімшілік іс жүргізу;  халықтың медициналық қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы; дәрілік заттарды таңбалау; GPP және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Департамент басшысының м.а. Г. Габбасова келіп түскен өтініштер үшін Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігіне назар аударды, сондай-ақ пациенттермен жұмыс кезінде этикалық нормаларды қатаң сақтау бойынша ұйымдардың медицина қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Департамент денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, тиісті дәріханалық практика GPP енгізу және өтініш беру мәселелері бойынша Ашық есік күндерін, ZOOM-кеңестер мен тікелей эфирлер өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/985494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version