23 сәуір – Түркия Республикасының Ұлттық егемендігі және балалар мерекесі күні басқармаға қарасты психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында облыстағы Түркия Республикасының Бас консулдығы қызметкерлерімен аталып өтті.
Орталықта түрік елінің Бас консулдығы қызметкерлері қонақта болып, балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шара барысында концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, қызмет алушы балалардың да өнерлері тамашаланды. Кездесу соңында Бас консулдық тарапынан балаларға сыйлықтар үйлестірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/983183?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау