Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері құрамына кіретін мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі жазғы шомылу маусымында аудан азаматтарының су нысандарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы және келесі мәселе өрт қауіпті кезеңде аудан аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Иса Елеусізов баяндады.
Жиын барысында аудан әкімі апаттың айтып келмейтіндігін, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында түрлі жағдайларға сақадай сай болу қажеттігін ерекше атап өтті. Сол үшін барша мекеме басшылары өз салаларында төтенше жағдайдың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында жұмысты жүйелендіруді тапсырды. Хаттамаға енгізіліп, мерзімімен бекітілді. Орындалу барысын баяндау жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/984313?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау