Азиза Қаражанова мен Батырхан Төлеуғали President’s Cup–Asia турнирінде жүлде жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан VIІ President’s Cup–Asia халықаралық турнирінің алғашқы күні 2 спортшымыз жүлде жеңіп алды.

Азиза Қаражанова (-53 кг) алғашқы жекпе-жегінде Париж Олимпиадасының, әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Гу Цинді (Қытай) сенімді жеңді. Осыдан кейін Азия ойындарының жеңімпазы Су Пояның (Тайпей), ширек финалда әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Цзо Джудың (Қытай) екі раундта да осал тұсын тапты.

Алайда отандасымыз Париж Олимпиадасы мен Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері Мобина Нематзадеге (Иран) есе жіберіп, қола жүлдені мойнына тақты.

Ал Париж Олимпиадасында сынға түскен Батырхан Төлеуғали (-80 кг) әуелі Ким Же Бумды (Оңтүстік Корея) кейін Ван Жукинді (Қытай) ұтып, жартылай финалға шыққан. Бұл кезеңде отандасымыз тағы бір Оңтүстік Корея таеквондошына есе жіберіп, үздік үштікті түйіндеді.

Турнирдің 2-жарыс күні даянгқа жеңіл салмақтағы спортшылар шығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/983177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version