Басқарма басшының төрағалығымен мекеме директорлары мен дзюдо күресінің бас бапкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Абылкасимовтың төрағалығымен мекеме директорлары мен дзюдо күресінің бас бапкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті

Жиын барысында ересектер арасындағы дзюдо күресінің бас бапкері Еркебұлан Қоссаев 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есептік баяндамасында ол оқу-жаттығу жиындары, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу, спортшылардың жетістіктері, сондай-ақ спорт саласындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады.

Атап айтқанда, жыл бойы облыс құрамасының қатысуымен бірнеше оқу-жаттығу жиындары өткізілген. Сонымен қатар, болашағынан зор үміт күттіретін жас дзюдошылар өсіп келеді.

Жиналыс қорытындысында Ержан Ануарбекұлы атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, бапкерлер құрамы мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, облыста дзюдо спортының дамуын жаңа деңгейге көтеру үшін жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/984833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version