Бүгін Зеренді ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Ахмедьянов аудан прокуроры Д. Асқармен бірлесе «Садовое ауылында су құбыры және су тарату желілерінің құрылысы» жобасымен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Ахмедьянов аудан прокуроры Д. Асқармен бірлесе «Садовое ауылында су құбыры және су тарату желілерінің құрылысы» жобасымен танысты.
Жобаның жалпы сомасы 1 118 516,3 мың теңгені құрады. Мердігер «Инсект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2025 жылдың 4 сәуірінде жалпы сомасы 958,8 млн.теңгеге келісім-шарт жасалған.
Бүгін мердігер құрылыс жұмыстарын бастады. Жоба Садовое ауылын тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
А. Ахмедьянов мердігерге жобаны жүзеге асыру барысында жұмыс сапасы мен мерзімдері қатаң ұстауға ерекше назар аударуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/983218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version