Атырау қаласындағы қарттар үйінде іс-шара өтті. Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Jana Jastar» волонтерлік ұйымының бастамасымен тазалау жұмыстарын жүргізілді.
Іс-шараға 20-дан астам ерікті қатысты. Олар Қарттар үйінің ауласын қоқыстан тазартып, ағаш діңдерін әктеп, айналаны көркейтуге атсалысты. Еріктілердің сөзінше, бұл бастама – жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, үлкендерге деген ілтипатты іс жүзінде көрсетудің жарқын үлгісі.
Іс-шара барысында еріктілер қарттармен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесінен сыр шерткен естеліктерін тыңдады. Қариялар жастардың қамқорлығына риза болып, алғыстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/983452?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау