Кентау қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Шара мемлекеттік мекемелердің ақпараттық ашықтығын арттыру және әлеуметтік желілердегі жұмыс сапасын жақсартуға бағытталды.
Семинарға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының БАҚ және заңдылықты бақылау бөлімінің басшысы Болат Үсербаев пен талдау және болжау бөлімінің бас маманы Әділет Әбдіманап қатысып, тәжірибе алмасты.
Жиынға Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілерге жауапты мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушыларға Facebook, Instagram, TikTok секілді танымал платформаларда аудиториямен тиімді жұмыс істеу, мазмұн ұсыну, қаралымды арттыру және оқырмандармен кері байланыс орнатудың заманауи әдістері түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, әлеуметтік медиада жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерімен танысты. Кездесу кәсіби машықтарды шыңдауға және мемлекеттік мекемелердің халықпен байланысын жақсартуға септігін тигізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/984253?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау