Мұқан Төлебаев атындағы VII Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласы Б.Римова атындағы облыстық драма театрында КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаев атындағы VІІ Халықаралық «АЛТЫН ТАЯҚША» дирижерлер мен «КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ» вокалистер байқауы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты: Дирижерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу, аталмыш салада жаңа есімдерді анықтау, қазақ музыкасын жаңа шығармалармен толықтыру, қазақ халқының ән, күй туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру.

Ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Композитордың халқымыздың асыл қазынасына айналған әндерін жаңғыртып, жастар арасында насихаттау, өнер сүйер қауымға кеңінен таныстыру. 

Республика өнер ұжымдарының және көркемөнерпаздардың репертуарларын толықтыру мақсатында өтетін байқаудың І кезеңі онлайн форматында өтті. Оған қатысқан 76 үміткерлердің ішінен алға шыққан 25 жеңімпаз ақтық сынға қатысты.

Халықаралық байқауға қатысушылардың өнерлерін саралаған қазылар алқасы мүшелері:

  1. Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы – қоғам қайраткері, Қазақстан

    Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор,   

    «Тарлан» сыйлығының лауреаты, алқа төрағасы.

  1. Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы – Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, дирижер.
  2. Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, дирижер.
  3. Тилегенов Бактыбек Сабырұлы – Қырғыз Республикасының халық артисі, дирижёр, профессор.
  4. Каримова Альфия Закванқызы – Башқұртстан Республикасының Халық әртісі, Башқұрт мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі, вокал өнері кафедрасының доценті.
  5. Алпысбаев Әли Демегенұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, дирижер, композитор.
  6. Күзембаев Талғат Пердебекұлы – Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының аға оқытушысы.
  7. Тлендиева Дінзухра Нұрғисақызы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері.
  8. Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Достастық жұлдызы” Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты, Халықаралық “BraVo” сыйлығының лауреаты, Күләш Байсеитова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония солисті, Р.Бағланова атындағы Қазақконцерт концерттік ұйымының солисті.
  9. Бекназарова Танагүл Қайкенқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының доценті, вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/985518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version