Қала әкімі Бельская Татьяна Александровна мен Родина Нина Васильевнаға арнайы барып, Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық төс белгілерін табыстады. Бұл төс белгілер – олардың өмірлік жолы мен соғыс жылдарындағы төзімділігіне, ерлігі мен рухының беріктігіне көрсетілген терең құрметтің белгісі. Қаланың басшылық құрамы Ұлы Отан соғысы тарихымен тығыз байланысты тағдыр иелеріне әрдайым ерекше көңіл бөліп, олардың өмірлік өнегесіне шын жүректен алғыс білдіреді. Олардың бастан өткерген ауыр кезеңдері мен өмір жолы — болашақ ұрпақ үшін маңызды бағдар болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/983242?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау