Қостанайда облыстар мәслихаттары аппараттарының өкілдері үшін облысаралық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласында 24 сәуірде алғаш рет ҚР Парламенті Сенаты аппараты өкілінің қатысуымен облыстар мәслихаттары аппараттарының өкілдері үшін облысаралық семинар өткізілді. Семинар тақырыбы: “Мәслихат аппараттарының қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері туралы: тәжірибе алмасу және жұмыс тиімділігін арттыру жолдары. Мәслихаттар аппараттары мен ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының өзара іс-қимылы жұмыс сапасын арттыру тетігі ретінде”.

Семинарға барлық облыстардың мәслихаттар аппараттарының өкілдер, оның ішінде Ақтөбе қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Рамазан Ногуманов қатысты. 

Семинар барысында мәслихат аппараттарының жұмысын жетілдіру бойынша өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Қалалардың өкілдері жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының аппараттары арасындағы 2025-2030 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жиыннан кейін облыс өкілдері Қостанай қаласының индустриалды нысандарына – “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасы мен “Allur” автомобиль заводына экскурсиямен барды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/984818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version