Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтармен тақырыптық қабылдау өткізілді. Шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Абсат Жандос Дәуренбекұлы және Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Сариева Галия Сайфуллаевна, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жамалбек Асқар Мұсабекұлы қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға заң нормалары бойынша қажетті кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/983790?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау