Сарысу ауданы мемлекеттік архиві мекемесінде семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы 24 сәуірде Сарысу ауданы мемлекеттік архиві мекемесінде «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандағы мекемелердегі ведомстволық архивтеріне жауапты мамандары, Сарысу аудандық мәслихатынан ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы А.Утебаева қатысты.

Жиынды Сарысу ауданы мемлекеттік архивінің директоры Айгүл Укижанова жүргізіп отырды.

Сарысу ауданы мемлекеттік архивінің директоры Айгүл Укижанова мекемелерде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша, сонымен бірге ведомстволық архивтың жұмысын жандандыру, сақтау мерзіміне сәйкес тиісті құжаттарды аудандық мемлекеттік архивке уақтылы тапсыру қажеттігі туралы, «Істер номенклатурасын ресімдеу, істерді қалыптастыру, істерді ресімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» басқа да тиісті мәселелер жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №236 бұйрығының талаптарына сәйкес құжаттарды рәсімдеу бойынша, сонымен қатар «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару» тақырыбында архив мекемесінің маманы М.Ақмолдаева және «Электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында аталған мекеменің маманы З.Ауғанбаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға архив директоры мен мамандарының тарапынан жауаптар алды.

         Семинардың соңында ауданның мемлекеттік архивтерінің жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйым-кәсіпорындардың бірқатар жауапты мамандары марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/984275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version