СЭС болашақ мамандары: Комитет медициналық ЖОО студенттерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана Медицина Университетінде жоғары курс студенттері мен бейінді мамандықтар түлектерінің Комитеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің және Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздік саласында мансап құруға ұмтылған студенттер үшін маңызды қадам болды.

Комитет мамандары түлектерді санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кешенді жұмысымен және оның негізгі міндеттерімен – профилактикадан бастап жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күреске дейін таныстырды.

Мемлекеттік органдарда, ғылыми мекемелерде, ведомстволық қызметтерде, сондай-ақ ДДҰ және ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуді қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Комитет мамандары мансаптық өсудің әртүрлі бағыттары туралы айтып, осы салаға жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Студенттер өз кезегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында атқарылып жатқан жұмысқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/983048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version