Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарларына сәйкес 2025 жылғы 28 сәуір күні комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Ж. Әбенов, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Сұлтанбаев, С.Пернеш, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әрістеев, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары, Шу қаласы, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Бірлескен отырысты тұрақты комиссия төрағасы М.Сұлтанғазиев жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы туралы.
- «Ауданда шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы».
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ақылбекова есеп берді. Есепті талқылау барысында депутаттар Н.Разимбеков, А.Айтжанов, М.Маткаримов, А.Комаев, Б.Ниязбеков сұрақтар қойды, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ж.Нұрғалиев ауданда кәсіпкерлікті қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп беріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесінде орын алып отырған проблемаларға тоқталды.
Қаралып отырған мәселе бойынша мәслихат депутаттары Н.Разимбеков, Б.Ниязбеков, А.Айтжанов, А.Комаев, Ұ.Абуов сұрақтар қойып, ұтымды ұсыныстар айтты.
Мәслихат депутаттары ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстағы тұрақтандыру қорынан сапалы ұн және басқа азық-түлік түрлерін ауданға жеткілікті көлемде бөлдіру үшін облыс әкімдігіне, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарация басшылығына сұраныс хат жолдау жөнінде уағдаласты.
Комиссияның бірлескен отырысын комиссия төрағасы қорытындылады және депутаттармен қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Осымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өз жұмысын аяқтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/985462?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау