«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілермен Қазалы аудандық орта білім беру ұйымдарының басшылық құрамына, мамандарына және білім алушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары беріліп, жиын өткізілді.
Жиын барысында, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен проблемалары туралы талқыланып,ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылық фактілерін хабарлаған азаматтарды көтермелеу механизмдері мен оларды құқықтық қорғау тәртібі жөнінде ақпарат ұсынылды.
Жиын қорытындысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/985501?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау