Сырдария ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасы аясында білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілермен Сырдария аудандық орта білім беру ұйымдарының басшылық құрамына, мамандарына және білім алушылардың ата-аналарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиын өткізілді.

  Іс-шара барысында қатысушыларға елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, жаңа заңнамалық өзгерістер мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы жан-жақты мағлұматтар берілді.

  Жиын қорытындысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша практикалық кеңестер алды.

  Шара соңында  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/984637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version