Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде қазақтың ұлы ақыны, философы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай оқырмандар байқауы ұйымдастырылды.
Шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген департамент басшысы Әділхан Сабуров Абай мұрасының рухани және құқықтық тұрғыда маңыздылығына тоқталды:
«Абайдың ұлағатты ойлары – ұлттық руханиятымыздың темірқазығы. Оның әділдік, адалдық пен адамгершілік жайлы идеялары біздің заңға және қоғамға қызмет ету миссиямызбен тығыз байланысты. Абайды таныта отырып, біз Қазақстан мен қазақ халқының рухани келбетін әлемге танытамыз», – деді ол.
Байқауға департаменттің 10 қызметкері қатысты. Қатысушылар Абай шығармаларын шын ықыласпен және көркем мәнерде оқып, оның терең философиясы мен адамгершілік қағидаларын түсінетіндерін көрсетті.
Іс-шара ұжым ішіндегі рухани бірлікті нығайтып, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, сөйлеу мәдениетін дамытуға зор үлес қосты.
Байқау жеңімпаздары:
I орын — Сатканова Жанар Мендихановна;
II орын — Искалиев Данас Талапович;
III орын — Кажгалиева Айгерим Нурмухановна.
Байқау соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бұл шара қызметкерлердің Ұлы Абайдың идеяларына, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырған маңызды мәдени оқиға болды.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/985460?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау