«Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2025 жылдың 28 сәуірінде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 600 323 (7309 ішкі).

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 6-қабат, 611-кабинет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ekonomika/press/news/details/983203?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version