2025 жылғы 24 сәуірде Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті ХХІХ сессиясы өтті, оған Екібастұз қаласының әкімі А. У. Бейсекин қатысты. Отырыс қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ж.Ж. Сәдуақасовтың, мемлекеттік органдардың басшыларының, прокуратура және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Депутаттар қала бюджетін нақтылауға, жер қатынастарына, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты шешімдерді қарады және бекітті. Кадрлық өзгерістерге байланысты бірқатар қалалық комиссиялардың жаңартылған құрамы мақұлданды.
Сессия барысында қала әкімі А. У. Бейсекин қаладағы ағымдағы жағдай туралы ақпарат бере отырып, дамудың негізгі бағыттары және атқарушы органдардың алдында тұрған міндеттерді айтыт өтті. Өз сөзінде ол халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті, әкімдіктің депутаттық корпуспен өзара іс-қимылына, биліктің өкілді және атқарушы тармақтары арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына тоқталды. Экологиялық жағдайды жақсартуға, ауылдық елді мекендерді дамытуға және қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бастамалар талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/983187?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау