«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» идеясын түсіндіру аясында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында жоғары сынып оқушыларының ата-аналар комитеті төрайымдарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент қызметкері А.Ажибаев қатысып, жасөспірімдер мен жастардың заң талаптарына, мектеп пен жоғары оқу орындарының ішкі тәртіп ережелеріне бағынуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында ата-аналарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әділеттілік пен қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы құқықтық сананы арттыру жолдары баяндалды. Бұл жұмыс ата-аналардың тәртіптің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсінігін тереңдетуге бағытталды.

Сонымен қатар, кездесу аясында лудомания (ойынға тәуелділік) мен есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері де қарастырылып, жастарға аталған зиянды әрекеттердің салдары мен қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/985385?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version