ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: САУРАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кезекті жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар негізінен жер телімін пайдалануға мерзімін ұзарту, жер мәселесі және әлеуметтік қолдау жайында сауалдар көтерді.
Атап айтқанда, бірқатар тұрғындар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің пайдаланылу мерзімін ұзартуға қатысты өтініштерін жеткізді. Бұл ретте аудан әкімінің тапсырмасымен тиісті бөлімдерге заң талаптарына сай нақты шаралар қабылдау жүктелді. Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылық үшін берілетін жер учаскелері бойынша да бірнеше азаматтың мәселесі қаралды.
Жеке қабылдауда дәрі-дәрмекке мұқтаж сырқат балаға көмек көрсету жөнінде де мәселе көтерілді. Өтініш аудандық емханаға жолданып, қажетті медициналық қолдау көрсетілуі бойынша жұмыстар басталды.
Сондай-ақ, ұлттық қолөнерді ұлықтап, жастарға бағытталған мәдени-спорттық шара ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірген азаматтың бастамасы қолдау тауып, аудан әкімінің тапсырмасымен мәдениет және спорт бөліміне нақты шаралар жоспарын әзірлеу жүктелді.
Қабылдау соңында аудан әкімі:
«Әрбір тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Заң аясында шешім қабылдау – басты ұстанымымыз. Осындай қабылдаулар арқылы халықпен тікелей байланыс орнап, өзекті проблемаларға нақты жауап беріледі», – деп атап өтті.
Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктелді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/983781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version