Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйтеке би аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19 бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:

Әйтеке  би аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы 2025 жылдың сәуір айының 29-на  сағат 11-00–ге шақырылсын.

Сессияның  күн  тәртібіне  мынадай  мәселелер  енгізілсін:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ш.Жусупов.

2. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №291«Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ш.Жусупов

3. Басқа да мәселелер.

        

Әйтеке би аудандық

мәслихаттың  төрағасы:                                               Б.Д.Сейлханов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/984721?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version