Алматы полиция қызметкерлері спорттық самбодан Азия және Океания чемпионатының жеңімпаздары қатарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ташкентте 24 елден келген мықты спортшылардың басын қосқан спорттық самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 93 медаль – 27 алтын, 30 күміс және 36 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Ел намысы үшін күрескендердің қатарында Алматы қалалық полиция Департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері де бар.
Мына қызметкерлер күштің, төзімділік пен батылдықтың нағыз үлгісі болды:
– полиция майоры Айбек Атажан, ЖҚАЖ инспекторы – 79 келі салмақ дәрежесінде, алтын медаль;
* полиция подполковнигі Ербол Байбусунов, ЖҚАЖ ротасының командирі – 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, қола медаль;
* полиция капитаны Дәурен Қамаш, ЖҚАЖ аға инспекторы – 88 келі салмақта, қола медаль.
Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы Басқармасы хабарлағандай, ЖҚАЖ жауынгерлері дәстүрлі түрде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруда.
Жеңімпаздарды халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткені және қазақстан полициясын лайықты танытқаны үшін Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров жеке құттықтады.
Ол мұндай жетістіктер тек спорттық жетістік емес, полицияның тәртіпті, күшті және патриоттық оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/982922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version