Отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, өз ұлтының дәстүрлерімен, отбасылық құндылықтармен таныстыру, еңбекқорлыққа баулу мақсатында Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 25 сәуірінде ата-аналарының қатысуымен «Бақытты отбасы» республикалык байкауның қалалық (сырттай) кезеңі өткізілді. Сайысқа 18 педагог тапсырыс берген, 2 педагогтың ( «Радуга» Ахметова К., «Өрлеу» Кекілдікова Қ.) жұмыстарын қарауға мүмкіндік болмағандықтан қарастырылмады. Қорытындысы бойынша анықталған «Детский сад «Өрлеу» ЖШС тәрбиешісі Темірғалиева Мөлдір Тілеуханқызының жұмысы облыстық кезеңіне қатысу үшін ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/985042?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау