Батырлар рухына тағзым – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Құланды ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жерлес ардагерлеріміз – Әли Досбергенов, Мәжекен Жарылғасов, Ізберген Құрманбаев, Ұйқасбай Аязбаев және Құлбалай Бекенбаевтың құрметіне арналған бокстан облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

⚜️Жарысқа 2011–2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер қатысты. Түркістан облысы мен еліміздің өзге де өңірлерінен келген командалар өзара бақ сынасты. Турнир жас спортшылардың шеберліктерін шыңдауға және патриоттық рухын нығайтуға бағытталған.

⚜️Ашылу салтанатында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов сөз сөйлеп, жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, патриоттық рухта өтті.

⚜️Бұл турнир – жас ұрпақтың батыр бабалар рухына тағзым етіп, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау жолындағы маңызды шара болып саналады. Жарыс 4 күнге созылады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/983012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version