«Халық қатысатын бюджет»: қала аулалары абаттандырылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жобалары талқыланды. Ерекшелігі – қандай жұмыс атқарылатынын тұрғындар өздері ұсына алады.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бастаған көшпелі кеңесте биыл жоба аясында абаттандырылатын аулаларды аралады. Нәтижесінде 9 аулада заманауи ойын және спорт алаңдары, ал тағы 4 аулаға тұрғындардың өтініші бойынша жарық шамдары орнатылмақ.

«Халық қатысатын бюджет» – тұрғындардың талабын ескеретін жоба. Аула – ең алдымен балалардың күліп ойнайтын, көршінің бас қосатын орны. Сондықтан әр бастама сапамен жасалуы қажет. Жұмысты бірге жоспарлап, бірге қадағалаймыз», – деді Бекжан Бапышев.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылатын аулалар тізімі:

1) Сеченов к-сі, 7, 7А
2) Достоевский к-сі, 186
3) Дулат Бабатайұлы к-сі, 32А
4) Қабанбай батыр к-сі, 42
5) Ертіс к-сі, 11 және 27
6) Мичурин к-сі, 79А
7) Галетто к-сі, 22 және Глинка к-сі, 27
8) М. Бейсембаев к-сі, 1А
9) Титов к-сі, 137 және 139
10) Щорс к-сі, 132
11) Затон, Амбулатория к-сі, 2
12) Овражная к-сі, 1
13) Ш. Уәлиханов к-сі, 150

Сапар нәтижесінде Бекжан Бапышев мердігерге жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасына кез келген қала тұрғыны өтініш бере алады. Қаламызды бірге көркейтейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/983356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version