КҮШ СЫНАСҚАН КҮН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КҮШ СЫНАСҚАН КҮН
Бүгін Асқар Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан жасөспірімдер мен қыздар, ересектер және ардагерлер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Сайысқа Бөрлі, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Жәнібек, Сырым аудандарының және Орал қаласының спортшылары қатысып, күш сынасты.
Гір көтеру чемпионатының ашылу салтанатында алғы сөзді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты рәсімде Батыс Қазақстан облысы гір спорты және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Ибатов сөз сөйлеп, аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлына және бірқатар спорт жанашырларына Батыс Қазақстан облысы гір спорты және қол күресі федерациясы атынан алғыс хатын табыс етті.
Аталған спорттық шара марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Жүлдегер болған спортшылар дипломмен және медальмен марапатталды.
“СЫРЫМ ЕЛІ”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/984523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version