Елбасының 2025 жылды Жұмысшы жылы деп жариялауына байланысты, Басши ауылдық кітапханасында “Мәртебелі мамандық” атты тақырыпта тағылымды іс-шара өткізілді. Шараның басты мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсету, жас буынға еңбекқорлықтың мәнін ұғындыру және ауылдың ардагер жұмысшыларымен кездесу арқылы олардың өмірлік тәжірибесін насихаттау болды.
Іс-шараға ауылдан шыққан түрлі салада қызмет етіп, елге еңбегі сіңген еңбек ардагерлері мен ауыл жастары қатысты. Ардагерлер өздерінің еңбек жолдары, көрген қиындықтары мен жеткен жетістіктері жайлы естеліктерімен бөлісті. Жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу жүргізілді.
Кітапхана ұжымы іс-шара барысында ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, еңбек тақырыбына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.
Осындай мазмұнды кездесулер жастарға еңбекқорлықты, патриоттық сезімді ұғындыруға, ал ардагерлерге құрмет көрсетуге бағытталған игі қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-basshi/press/news/details/982797?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау