«Нашақорлықтың алдын алу»: полиция қызметкерлері мен жастар арасындағы диалог

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  «Нашақорлықтың алдын алу»: полиция қызметкерлері мен жастар арасындағы диалог

Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) Жоғары колледжінде студенттер арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті. Іс-шараға студенттер, оқытушылар және құқық қорғау органдары мен медицина саласының мамандары қатысты.

Кездесуде басты баяндама жасаған — Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мәлік Хамитов болды. Ол өңірдегі есірткі айналымына қатысты өзекті статистиканы ұсынып, тыйым салынған заттарды таратқан жасөспірімдерге қолданылатын құқықтық шаралар туралы түсіндірді, сондай-ақ бұл мәселемен күресуге бағытталған шаралар жайлы айтып өтті.

Кездесу барысында Наукина Диляра Саматовна, тәулік бойы сараптама жүргізетін кабинетінің нарколог-дәрігері ретінде сөз сөйлеп, есірткіге тәуелділіктің физиологиялық және психологиялық аспектілерін, оның қалыптасу кезеңдерін, белгілерін және алдын алу жолдарын түсіндірді. Ол өз сөзінде уақытылы көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аудартты.

Кездесуді «Самға» даму орталығы директорының орынбасары Жиенбекова Назира Асқарқызы қорытындылады. Ол Полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырылған «ТАҢДАУ» атты әлеуметтік театр жобасын таныстырды. Оның айтуынша, қойылым — есірткімен бетпе-бет келген жастардың шынайы оқиғаларын баяндайтын әсерлі жоба. Көрермендердің эмоционалдық тұрғыда алған әсерлері арқылы нашақорлыққа қатысты саналы көзқарас қалыптастыру мақсат етілген. Сөзінің соңында дәрігер барлық қатысушыларды алда болатын спектакльге шақырды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың денсаулығы мен болашағына деген жауапкершілік сезімін арттырып, құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/984785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version