28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» ЖШС-інде «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К. Имангалиев және Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы С.Т.Төлегенов қатысты. Жиын барысында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жұмыс орындарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында қолдану мәселелері қаралды. Іс-шараға қатысушылар жаңашылдықтар мен инновациялық шешімдермен танысып, оларды өндірісте қолданудың тиімділігін талқылады. Бұл сияқты шаралар қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, жұмысшылардың хабардарлығын арттыруға және кәсіби тәуекелдерді басқарудың тиімді әдістерін енгізуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/985012?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау