Облыс прокурорының орынбасары Е. Жүсіптің төрағалығымен сот сараптамасын тағайындау және оны жүргізу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Ведоствоаралық кеңеске сот сараптамалары Институты мен Ақмола облысының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында тергеу мерзімін қысқарту үшін, қайта қарауды және оңтайландыруды талап ететін сараптамалық зерттеулер мен сот сараптамасы саласындағы мәселелер талқыланды.
Өткізілген кеңес нәтижесімен отбасылық-тұрмыстық саладағы және есірткі бизнесі қылмыстарын тергеу тиімділігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
#Закон_и_Порядок
Прокуратура Акмолинской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/984857?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау