Павлодар облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық ЖПШ басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

– Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Павлодар облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел – профилактикалық іс – шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Осы кезеңде полиция ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеруді жүзеге асырады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын не тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу жоспарлануда, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылданды, жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы автомобиль жолдарында қадағалау күшейтілді. Сондай-ақ, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді азаматтардың еңбекпен пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылатын болады.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарынан профилактикалық іс-шараны өткізу туралы түсіністікпен қарауды сұрайды.
Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, онда дереу “102” телефоны арқылы хабарлаңыз немесе “police 102″мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/985207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version