Петропавл қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына бардым.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қала мектептерінің оқушыларына экскурсия өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы, адам, азамат құқықтары, балалардың міндеттері мен құқықтары туралы ақпарат берілді. Тіпті ұсақ құқық бұзушылықтар да қылмысқа және бостандықты шектеуге әкелуі мүмкін екенін атап өттім. Облыстың арнайы мекемелерінде ұсталғандардың құқықтарын бұзу мәселелері Омбудсменнің назарында.
Полиция қызметкерлері оқушыларға мекемеде бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынған азаматтардың ұсталып отырғанын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындайтын құқықтыт салдарлар туралы түсіндірілді, арнайы көлік пен арнайы құралдарды көрсетілді.
Оқушылар азаматтарды ұстауға арналған камераларға, серуендеу ауласына, медицина қызметкерінің кабинетіне барып, күн тәртібімен танысты.
Естеріңізге сала кетейін, арнайы қабылдау орны – әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/985217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version