ҚАЖД мекемесінде сотталғандардың құқықтары қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №43 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Сансызбай Аминовтың төрағалығымен сотталғандармен кездесу өтті. Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі өңірлік өкілі Аслан Кужиев пен облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Ролан Абкадыров қатысты.

Кездесу барысында жазасын өтеушілердің құқықтарының сақталуы, тұрмыс және еңбек жағдайлары талқыланды. Сотталғандар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қонақтар тарапынан құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар ҚАЖ жүйесіндегі ашықтықты арттыруға және сотталған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version