2025 жылғы 24 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2025 жылдың II тоқсанына арналған Сараптамалық кеңестің жұмыс жоспары қаралды. Әсіресе, халықтың осал топтарының құқықтарын ілгерілету мен қорғауға бағытталған іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыз балалардың денсаулығы мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастыру туралы болды.
Қатысушылар бұл тақырыптың өзектілігін атап өтіп, талқылауға денсаулық сақтау саласының мамандарын тартудың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс жоспарын іске асыру және алдағы іс-шараны дайындау бойынша нақты қадамдар айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/982935?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау