ШҚО құтқарушылары «Ерлікке тағзым» акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Шығыс Қазақстандықтарға арналған Даңқ мемориалын қыс мезгілінен кейінгі кезеңде ретке келтіру бойынша көмек көрсетті.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандарда Өскемен қаласынан әскерге шақырылған 7199 сарбаз қаза тапқан. Батырлардың құрметіне 1995 жылы Өскеменде, Ертіс пен Үлбі өзендерінің қосылған тұсында, жауынгерлердің өшпес ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемориалдық кешен ашылды.

Құтқарушылар қыстан кейін, қаза тапқан жауынгерлердің есімдері жазылған Батырлар қабырғасын тазалады.

«Біз қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтап, келешек  ұрпаққа  кеңес сарбаздарының ерлігінің ұлылығын жеткізгіміз келеді. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаз жауынгерлерге деген алғысымыз – осы еңбегіміз болсын», – деп атап өтті Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының бастығы Айдын Мұстафин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/983333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version