Әкек Нұрбол Базарбайұлы қала әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Әкек Нұрбол Базарбайұлы 1977 жылы 18 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Меркі ауданының Меркі ауылы «Оңтүстік» әскери округінің рота командирі, №45053 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастаған.
2005-2009 жылдары – Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімшілігі қаржы бөлімінің жетекші маманы;
2009-2011 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуы секторының меңгерушісі;
2011-2019 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;
2019-2021 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
2024 жылдың қараша айынан бері Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және туризмді дамыту секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.
2025 жылдың 22 сәуірінен бастап Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/982954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау