2025 жылдың 23 сәуірінде Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» республикалық жарысының аудандық кезеңі өткізілді. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау, балаларды қосымша біліммен қамту.
Жарыс келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді.
- Радиомен басқарылатын көлік модельдері:
1: 10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;
1: 10 масштабта багги жарысы(4wd). Багги- 10Э
- Әуе модельдері:
F-3-P (пенолет) моделі;
Кордалы жарты копия, контурлы моделі;
Квадрокоптер.. Жарысқа аудан мектептерінен 4 модуль бойынша қатысты, облыстық кезеңге өткен модельдер болмады.
- Кеме модельдері:
Ф-2-А (пенолет) моделі;
F-4-В немесе F-4-С (бір модель);
FSR- Eco Mini Expert.
- Зымыран модельдері:
S9A- ротошют.
- Тікелей жүретін автотрассалық модельдер(жартылай көшірме):
1/24 масштабтағы модель.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/984562?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау