Төмен қаржылық сауаттылық және қарыз ауыртпалығы – заманауи қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/DI0__jCNrrK/?igsh=MXJvaXIwbjk2aDYzbA%3D%3D

 

Төмен қаржылық сауаттылық және қарыз ауыртпалығы – заманауи қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты.

 

Мемлекет басшысынан қолдау тапқан осы бастама халықтың қаржылық білімін жетілдіру мен қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған.

«Қарызсыз қоғам» жобасы бірнеше маңызды бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  1. қарыз мәселесін шешу. Елімізде 90 күннен астам өтелмеген кредиті бар 1,5 млн азаматқа заңгерлік кеңес беру және мәселесін шешуге жәрдемдесу жоспарланып отыр.
  2. онлайн-кеңес беру жүйесі. Қайта құрылымдау және банкроттық мәселелері бойынша азаматтарға заңнамалық кеңес беру үшін онлайн-форматтағы жүйе қосылды.
  3. құқықтық сауаттылықты арттыру. Тегін call-орталық пен қарапайым құқықтық рәсімдер бойынша ақпараттық портал (qogamfin.kz) іске қосылды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы – Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығын арттыруға және қарыз проблемаларын шешуге бағытталған маңызды бастама. Жобаның жаңа кезеңі қаржылық білім беру және заңгерлік көмек көрсету саласындағы жаңа мүмкіндіктер ашады және қоғамның қаржылық тұрақтылығына ықпал етеді.

Өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырғыңыз келе ме? Өзіңізге ыңғайлы форматта оқытуға қосылыңыз!

 Оффлайн – сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін қалалар мен аудандарда жеке кесте бойынша:  

3 күн күндізгі оқыту

2 күн Zoom  арқылы оқыту  

Онлайн – 5 жұмыс күні «Қарызсыз қоғам» платформасында (qogamfin.kz).

Өтінім беруге үлгеріңіз және қаржылық тәуелсіздікке қадам жасаңыз! Келесі байланыс нөмірлері бойынша жүгіне аласыз: 87784135915, 87774987408.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-karzhy/press/news/details/983116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version