Бүгін Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үйдің жертөлесін жөндеу жұмыстары, арық суы, жол мәселесі, балалар ойын алаңы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер кезегі туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар спорт алаңшасын салу және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарының тыныштық сақтауы жөнінде мәселе көтерді.
Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған Нұрсұлтан Исабеков зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылдайтынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/982974?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау