2-3 курс студенттеріне семинар өткізіліп, конкурстар ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

09.04.2025 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет бөлімінің бас мамандары «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында және ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің 2-3 курс студенттеріне семинар өткізіп, конкурстар ұйымдастырды.

 

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру. 

 

Шара барысында мамандармен студенттерге ҚР Конституциясында бекітілген адам құқықтарының қорғалуы және оның іске асырылуына қатысты сұрақтар қойылды. 

 

Сонымен қатар, студенттер ҚР заңдарымен бекітілген заң қағидаттарының қолдану аясындағы туындайтын мәселер бойынша өз ойларын айтып, пікірталастар болды. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/981160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version