Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ҚР ДСМ 2023 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2025-2027 жылдарға арналған жоспар негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында семинар өткізді.
Іс-шара Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясымен бірлесіп, ЖШС «Теміржолсу – Қызыл-Орда» су торабы қызметкерлері арасында ұйымдастырылды. Семинар барысында ауыз су сапасы, оның санитариялық талаптары, су объектілерінің қауіпсіздігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы кеңінен түсіндірулер жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінен заң мен сот алдындағы теңдік принципіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жою бойынша шаралар талқыланды.
Семинар аясында ауыз суға қойылатын санитариялық талаптар мен оны пайдалану кезінде туындайтын мәселелер туралы толық ақпарат берілді. Ауыз су сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға сәйкес, судың құрамында бөгде қоспалар мен зиянды заттар болмауы тиіс екендігі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/981000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау