2025 жылдың 21 сәуір күні қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында қала тұрғыны, С.Ералиева көп балалы ана ретінде пәтер алу немесе уақытша баспанамен қамту мәселесін көтерсе, Қызылжарма ауылының тұрғыны Р.Иманғалиева жарықтандыру және ауыз су мәселелерін көтеріп, өтініштерін білдірді.
Сонымен қатар, қабылдауда болған М.Құрманбекова қалалық парктегі жүргізіп отырған жеке кәсібіне қатысты мәселе көтеріп, қолдау көрсетуді сұрады.
Қабылдау барысында көтерілген тиісті мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша бағыт-бағдарын, Заңға сәйкес түсіндірмесін берді.
Зерделеуді талап ететін мәселелер бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, қорытындысы қосымша хабарланатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/980573?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау