Абай облысының патрульдік полициясы ауылдық трассаларды бақылау үшін дрондарды қолдануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының патрульдік полициясы ауылдық трассаларды бақылау үшін дрондарды қолдануда

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау мақсатында ауылдық автожолдарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде қолдануда.

Бұл инновациялық тәсіл трассалардағы жағдайды тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Дрондар арқылы жол ережесін өрескел бұзу фактілері — рұқсат етілмеген жерлерде басып озу, жылдамдықты асыру және қарсы қозғалыс жолағына шығу сынды құқық бұзушылықтар нақты және жедел түрде тіркеледі. Дрон қолдану полиция қызметкерлерінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, құқық бұзушылықтарды дәлелді түрде бекітуге септігін тигізуде.

Абай облысының полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын: жолдағы қауіпсіздік — әрбір адамның ортақ жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/981244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version