Целиноград ауданында Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәдiлованың мемлекеттік қызметшілермен кездесуі өтті. Іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали және аудан әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Даулет Даут қатысты.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметте құқықтық сауаттылықты арттыру, әдеп нормаларын нығайту және қызметтік мінез-құлық мәдениетін дамыту. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, жемқорлыққа жол ашатын өзге де әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын олардың жеке және мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін материалдар бар-жоғына мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.
Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали өз сөзінде Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметке қоғам сенімінің тікелей мемлекеттік қызметшілердің тәртібі мен адалдығына байланысты екенін атап өтті. Әкім мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік саясатқа адал болуға, өз міндеттерін адал әрі тиімді орындауға, кәсібилік пен жауапкершілік танытуға, сонымен қатар кәсіби әдепті сақтау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, кездесу барысында мемлекеттік қызметші ретінде қабылданған анттың маңызы атап өтілді. Ант беру – тек рәсім емес, ол әрбір қызметкердің халық пен мемлекетке адал қызмет етуге берген моральдық міндеттемесі. Онда мемлекеттік қызметші ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адалдық, бейтараптық және әділдік принциптерін басшылыққа алуға уәде береді.
Өз кезегінде, Айнагүл Балғожақызы заңдылық, ашықтық пен адалдық принциптерін қатаң ұстану – мемлекеттік қызметшінің кәсіби және адам беделінің негізі екенін атап өтті. Ол мемлекеттік органдарда құқықтық және әдептік мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу соңында Айнагүл Жанәдiлова мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет өткеру, қызметтік этика және ұжым ішіндегі қолайлы ахуалды қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Осындай кездесулер тәртіпті нығайтуға, кәсіби жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік қызметтің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты сұрақтар мен кеңестер үшін Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің сенім телефонына хабарласуға болады: 8 (7162) 29-73-54.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/981072?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау